Сапа біздің әрбір процесіміз бен қызметімізде көрініс табады
Біздің сапа саласындағы саясатымыз клиентке бағдарланумен және қызметімізді үздіксіз жетілдірумен сипатталады.
Біздің сертификаттау орталығымыз клиенттерден кері байланыс алу, есептерді шолу, ішкі және сыртқы аудиттердің нәтижелері, сондай-ақ жоғары басшылық тарапынан жүргізілетін мониторинг пен талдау арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын үздіксіз жақсарту процесінде.
Тұтынушының шағыммен жүгінуге құқығы бар, ол мұқият қаралып, тиісті тергеп-тексеру (зерделеу) жүргізіледі.
Аудит пен сертификаттау нәтижелерімен келіспейтін клиенттің апелляциямен жүгінуге құқығы бар, ол тиісті Комитеттерде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.
Орталығымыздың қызмет көрсетуі әрбір қызметкеріміздің басты назарында.
Бейтараптылықты тиімді басқару – біздің Клиенттеріміз бен қоғам сенім арта алатын сертификаттау қызметтерінің ең маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.
Біздің орталық нарықтар мен салалардың кең ауқымы үшін Халал сертификаттау қызметтерін ұсынады және өз Клиенттерін сертификаттауға қатысты барлық шешімдер үшін жауапты болады.
Біздің мақсатымыз – әділдік, жауапкершілік және бейтараптылық принциптеріне толық сәйкес келетін қызметтерді ұсыну. Іс-әрекеттеріміздің объективтілігін сақтау үшін біз бейтараптылыққа төнетін барлық қауіп-қатерлерді анықтаймыз және жоямыз.
Бейтараптылық тәуекелдері анықталған жағдайда, біздің орталық бұл тәуекелдерді жою немесе барынша азайту бойынша дереу шаралар қабылдайды.
Біздің орталықта сарапшы-аудиторлардың Клиенттерге аудит пен сертификаттау жүргізуі кезінде тәуелсіздік, объективтілік принциптерінің сақталуын, сондай-ақ оларда коммерциялық, қаржылық және өзге де мүдделердің болмауын бақылайтын жоғары басқару органдары құрылған және жұмыс істейді.